Өңірлер

Ақмола облысында 45 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды (ФОТО)

Ақмола облысы Целиноград ауданының көктемгі селден зардап шеккен Жаңа жол, Оразақ, Ақмол ауылдарының 45 отбасы жаңа пәтердін кілтін талды, деп хабарлады аймақ әкімдігінің баспасөз қзыметі.
Ақмола 30 Қараша, 10:23

Айта өтейік, ауыл тұрғындары үшін Ақмол ауылында арнайы 45 пәтерлі үй тұрғызылды.

«Кілтті тапсыру салтанатында жаңа қоныс иелері мемлекеттің көрсеткен қолдауына, қиын қыстау кезеңдегі көмегіне алғыстарын білдірді», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Целиноград ауданының селден зардап шеккен тұрғындарына ағымдағы жылдың мамыр айында барлығы екі пәтерлі 100 үйдің құрылысы басталды, яғни Оразақ ауылында 200 пәтер. Бүгінде 186 пәтер пайдаланылуға берілді, ал қалған 14 пәтер жақын арада пайдаланылуға беріледі.





Яндекс.Метрика