Мәдениетті жаңғырту

Ақмола облысының жастары Болгариядағы Дүниежүзілік форумға қатысты (ФОТО)

Ақмола облысының жастары Болгариядағы Дүниежүзілік форумға қатысты, деп хабарлады облыстық ІСБ жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы».
Әлемде 30 Қараша, 20:43

Болгарияның елордасында Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арналған «Ұлы жеңіс ұрпақ жадында» дүниежүзілік жастар форумы аяқталды.

Жастар форумы Софияда осымен 6-шы рет өткізіліп отыр. Ол Еуропа мен ТМД елдерінен Дүниежүзілік елдердің форумына айналды. Ағымдағы жылы тарихи дата Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы аталып өтті.

Форумға әлемнің 72 мемлекетінен жастар келді. Қазақстаннан Астана қаласы мен Қызылдорда, Шығыс Қазақстан мен Ақмола облыстарының жастары қатысты.

Ақмолалық делегация құрамына «Әйел сәулесі» ҚБ төрайымы  Оксана Волкова-Михальская мен мәдени – жаппай шаралардың ұйымдастырушысы, Степногорск қаласының жеке кәсіпкері  Александр Тағанов кірді.

Форумның бағдарламасы өте ауқымды болды. Түрлі тренингтер, семинарлар, патриоттық акциялар,  экскурсиялар, шығармашылық кешкі бағдарламалар ұйымдастырылды. 

Форум делегаттары Софиядағы Кеңес әскерінің құрметіне тұрғызылған ескерткіштерге гүл шоқтарын қойып, аспанға шарлар ұшырды.

Дүниежүзілік жастар форумына қатысушылар тарихымызды түсіне отырып, болашағымызды құра аламыз деген пікірді бір ауыздан білдірді. 





Яндекс.Метрика