Адами капитал

Жаңадан келген 500-ге жуық сарбаз ресми түрде ҚР Қарулы Күштерінің қатарына кірді

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Гвардейск гарнизонында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне күзгі шақырылымның жас толымын ант қабылдауға келтіру рәсімі өтті, деп хабарлады әскери ведомство.
Казахстан 30 Қараша, 09:28

Бір ай ішінде жас бозбалалар бастапқы әскери дайындық бағдарламасы бойынша шұғылданды. Тәжірибелі офицерлер мен сержанттардың жетекшілік етуімен әскери істің бастапқы негізін оқып-үйренді және өздерінің жетістіктерімен мақтану үшін ата-аналарымен қауышуды тағатсыздана күтті.

«Бүгін біз ресми түрле ҚР Қарулы Күштер қатарына кірдік. Отан, халық және ҚР Президенті алдында ант бердік. Енді бізге үлкен жауапкершілік артылады, біз өз еліміздің қорғаушысы боламыз. Біз үшін бұл өміріміздегі маңызды сәттердің бірі болып келеді. Отанымыздың лайықты қорғаушылары болып, ата-аналарымыз бен туған-туысқандарымыздың сенімін ақтап шығуға тырысамыз»,  - деді 82796 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Саян Телтаев.

Осы сәттен бастап бозбалалар Қазақстанның Қарулы Күштеріне ресми түрде қабылданды. Олар туған-туысқандарымен бір жылға қош айтысып, алғаш рет бір саппен әскери бөлімнің алаңқайынан адымдап өтті. 





Яндекс.Метрика