Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Астанадағы көрмеде 50-ден астам отандық өндіруші өз өнімін ұсынды

Астанада 50-ден астам отандық өндіруші өз өнімін ұсынған «Қазақстанда жасалған» бірегей көрме-жәрмеңкесi ашылды.
Астана қаласы28 Қараша , 13:04

Жәрмеңкеде жеңiл өнеркәсiп өнiмдерi, киiзден жасалған, терiден тiгiлген бұйымдар, ересектер мен балаларға арналған аяқ киiмдер, косметика, тұрмыстық химия, спорттық жабдықтар секiлдi отандық дүниелер халық назарына ұсынылды.

«NADLoC» Жергiлiктi қамтуды дамытудың ұлттық агенттiгi» АҚ-ның ұйымдастыруымен өтіп жатқан бұл көрме ҚР Тұңғыш Президентi күнi мерекесiне орайластырылған.

«Бiздiң өндiрiс түгелдей дерлiк қолдан жасалады әрi олар киiзден дайындалған. Бiз Тараз қаласындағы жүндi өңдеу өндiрiсiнен жергiлiктi шикiзатты сатып алып, оны өңдеу арқылы өз киiзiмiздi басамыз. Кейде жұқа киiздi жiбек секiлдi табиғи маталармен араластырамыз. Бiз 2002 жылдан берi нарықта жұмыс істеп келемiз және киiз илеу және киiзден жасалған бұйымдар өндiрiсiн жаңғырттық десек те болады. 2004 жылы Алматы қаласында ашылған шеберханада 2011 жылы «Айгул LINE» деп аталатын компанияны құрдым. Компанияның аттас брендi бүгiнде патенттелген және бiз өз өнiмдерiмiзбен Қазақстандағы ғана емес, шет елдердегi көрмелерге де белсене қатысып жүрмiз», - дедi «Айгул LINE» компаниясының директоры Айгүл Жансейiтова.

Ол алдағы уақытта шеберхананы фабрика деңгейiне дейiн кеңейту мақсаты алға қойылып, келесi жылы Алматы қаласында фабрика құрылысы басталады деп жоспарланып отырғанын айтты.

«Мемлекет басшысының отандық өндiрiстi қолдауын жақсы бастама деп санаймын. Бұл ел экономикасын дамытуға қосылған үлкен үлес болары сөзсiз», - деп толықтырды  А.Жансейiтова.




Яндекс.Метрика