Адами капитал

«Батыс» өңірлік қолбасшылығына келген жас толым жауынгерлік оқ ату біліктілігін арттырды (ФОТО)

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының 41433 әскери бөліміне келген жас толымға нағыз жауынгерлік оқ атулар ұйымдастырылды, деп хабарлады ҚР ҚМ.
Казахстан 30 Қараша, 09:52

Атыс даярлығы бойынша сабақтар «Қаработан» полигонында өтті. Практикалық сабақтардан бұрын теориялық дайындық курсы өтті. Онда сарбаздар қарудың сипаттамасын, оқ ату шеберлігі мен ерекшеліктерді, қауіпсіздік ережелерін зерделеді. Болашақ сарбаздар АК-74 автоматынан практикалық оқ атуларды орындады. Бірінші сабақта жаңадан келген сарбаздар жақсы нәтижелер көрсетті. 

«Антқа дейін біраз күн қалды. Ол 2015 жылдың 6 желтоқсанында өтеді. Болашақ сарбаздарымыз жауынгерлік даярлықтың бастапқы негізін меңгеріп те алды. Олар үшін барлық жағдай жасалған, жақсы тамақтандырады. Біздің бөлімге Жамбыл және Қызылорда облыстарынан шақырылушылар келеді. Барлығы 80-ге жуық адам», - деді 41433 әскери бөлімінің командирі подполковник  Серік Елубаев.

41433 әскери бөлімінің жас сарбаздары әскери істі үлкен қызығушылықпен зерделеуде, олардың командирлері өздерінің қамқорлығындағыларға әскери ғылым туралы көбірек әңгімелеп беруге, тәжірибелерімен бөлісуге тырысуда.





Яндекс.Метрика