Евразиялық одақ

ЕЭК ЕАЭО-ның нарықтарында өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы бірқатар келісімшарттар бойынша жұмыстар жүргізуде

Минсктегі Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесінің отырысында Еуразиялық экономикалық комиссияның техникалық реттеу мәселелері жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Валерий Корешков ЕАЭО-ның нарықтарында өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және үшінші бір мемлекетпен сауда саттық жүргізуде кедергілерді алып тастау туралы әңгімеледі, деп хабарлады комиссия.
Әлемде28 Қараша , 14:53

ЕЭК өкілі мәлімдегендей, ЕАЭО-да бірқатар халықаралық келісімшарттар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, мемлекеттік қадағалау саласындағы ұлттық заңнамаларды үйлестіру қағидалары туралы; азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бірыңғай техникалық регламенттермен белгіленбеген талаптар туралы; үшінші елдермен өзара саудадағы кедергілерді жою туралы халықаралық шарттар.

Жалпы, одақтың мемлекеттеріндегі қадағылау және бақылау органдары ортақ бір тәжірибеге сүйене отырып жұмыс істейтін болса жұмыс тиімділігі мен тауарлардың қауіпсіздік деңгейі артады.

В. Корешков атап өткендей, өнімнің қауіпсіздігін өндіруші мен оның өкілі қамтамасыз ету керек. Тұтынушыға өнім туралы дәйекті ақпарат берілуі тиіс. 




Яндекс.Метрика