Өңірлер

Жамбыл облысында ағымдағы жылы 147 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді

Биыл Жамбыл облысында 147 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты индекс көлемі 4,3 пайызға артқан, деп хабарлады әкімдік.
Жамбыл28 Қараша , 14:19

Айта өтейік, 2015 жыл өңірдегі ауылшаруашылығымен айналысатын дихандар үшін тиімді болды. 241,6 мың гектарға егілген масақты дәнді- дақылдан, 16 центнерден өнім алынды. 143 гектарға үдемелі бақ отырғызылып, су үнемдеу технологияларының көлемі 8147 гектар алқапқа енгізілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 63,3 пайызға артық.

Салаға тартылған инвестиция көлемі де жыл санап көбейіп келеді. Осыған дейін ауылшаруашылығы саласында 16,3 млрд.теңгені құрайтын инвестициялық жобалар жүзеге асырылды.

«Сонымен қатар аймақта мал шаруашылығын дамыту бойынша шетелдік компанияларымен бірлескен жобалар да сәтті жүзеге асырылуда. Бүгінде, Малайзиялық кәсіпкерлермен бірлесіп, Меркі ауданында «Агростан» серіктестігі Жаңа Зеландиялық жоба негізінде бордақылау кешенінің құрылысын бастауда. Алдағы уақытта 3 мың басқа дейін мал әкелуді жоспарлап отыр. Осындай стратегиялық мақсатқа жету үшін Мемлекет басшысы экономиканың өсуін қамтамасыз етуге бағытталған ауыл шаруашылық бизнесін қолдау үшін Ұлттық қордан облысқа қосымша 226 млн.теңге бөлгенін білетін боларсыздар. Сонымен бірге, «Жұмыспен қамту-2020» жол қартасы аясында 6 пайыздық жеңілдікпен отбасылық фермалар құруға, жалпы 512 млн.теңге көлемінде, (222 адамға) шағын несиелер бөлінді»,-деп атап өтті облыс басшысы К. Көкірекбаев.




Яндекс.Метрика