Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазақстан мен Қытай мұнай өңдеу саласында ынтымақтастықты дамытуда

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ президенті Сауат Мыңбаев пен Қытай ұлттық мұнай корпорациясының вице-президенті Ван Дунзиннің кездесуі кезінде ҚМГ-ӨМ мен PetroChina арасында Қазақстанда мұнай өңдеу саласында ынтымақтастықты одан әрі дамыту Келісімшартына қол қойылды, деп компаниядан хабарлады.
Казахстан30 Қараша , 09:36

Құжатта Қазақстан Республикасының ішкі рыногын сапалы мұнай өнімдерімен бірігіп қамтамасыз етуді одан әрі дамыту жолдары қарастырылған.

Сонымен қатар, ресми кездесу шеңберінде «ҚМГ» ҰК АҚ мен «СРЕСС» басшылары «Шымкент МӨЗ-ін модернизациялау мен реконструциялаудың», зауыттың қуаты мен терең өңдеуді ұлғайтуға бағытталған, 2-ші кезеңін іске асыру үшін ЕРС-контрактысы бойынша қосымша Келісімге қол қойды. «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің жоба-сметалық құжатына берілген мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы негізінде Қосымша келісім ЕРС-контрактының тұрақты бағасын белгіледі.

Естеріңізге сала кетейік, PetroChina – Қытайдың мемлекеттік мұнай корпорациясы «CNPC» құрылымындағы мұнай химия және табиғи газ өндіру, өңдеу, саласында басқару активтері бар ірі компания.

СРЕСС – мұнай инженерлік-құрылыс компаниясы, «CNPC» бөлімшесі, ірі әлемдік инвестициялық жобаларды көптеген елдерде, соның ішінде Қытай мен Қазақстанда іске асыруда мол тәжірибесі бар.




Яндекс.Метрика