Адами капитал

Г.Әбдіхалықова Мәскеу және Бейжің қалаларында өткен Жеңiс шерулерiне қатысқан соғыс ардагерлерiмен кездестi

Астана қаласы әкімдігінде ҚР Мемлекеттiк хатшысы Гүлшара Әбдiқалықова осы жылы Мәскеу және Бейжің қалаларында өткен Жеңiс шерулерiне қатысқан соғыс ардагерлерiмен кездестi.
Астана қаласы28 Қараша , 11:06

Кездесу барысында ардагерлер ҚР Президентi Н.Назарбаевпен алғашқы кездесулерi, Мәскеу және Бейжің қалаларындағы шеру жайлы өз естелiктерiмен бөлiстi.

 «Соғыс ардагерлерi жылы шеңберiнде жүргiзiлген шаралар туралы көп айтуға болады. Жыл өте сәттi аяқталды. Осы жылдың iшiнде көптеген шаралар ұйымдастырылып, ел бойынша жалпы 22 мың шара өттi деп есептеймiз. Айта кету керек, халықтың, азаматтардың ардагерлерге деген ерекше ыстық ықыласы байқалды, барлық жердегi құрмет пен қошеметтер бүгiнге дейiн жалғасып жатыр және алдағы уақытта жалғаса бередi деп ойлаймын», - деді Ардагерлер орталық кеңесiнiң төрағасы Өмiрзақ Озғанбаев.

Айта кету керек, биылғы жылғы Мәскеу және Бейжің қалаларындағы Жеңiс шеруiне 13 соғыс ардагерi қатысты.

«Құрметтi ардагерлер! Өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы осы жылды Ұлы Жеңiстiң 70 жылдығына арнаймыз деп айтқан болатын. Осы жылы өте ауқымды жұмыстар атқарылды. Елiмiзде бүгiнде 4110 соғыс ардагерi бар. Олар егде тартқанына қарамастан осы жылы өткен шаралардың барлығына белсендi атсалысты. Сол үшiн ардагерлерге алғыс білдіргім келедi. Сондай-ақ, бүгiнгi бейбiт күн үшiн Сiздерге рахмет айтамын. Біз бейбiтшілік қалай келгенiн ұмытпауымыз керек», - деген Г.Әбдiқалықова ардагерлердi ҚР Тұңғыш Президентi күнiмен құттықтап, оларға денсаулық пен ұзақ өмiр тiледi.

Шара соңында Мемлекеттiк хатшы ардагерлерге «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ тарапынан ұсынылған арнайы ақшалай сертификатты табыс еттi.




Яндекс.Метрика