Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Алматының Индустрияландыру картасына 4,930 млрд теңгеге тағы 4 жоба енгізілді

Аймақтық үйлестіру кеңесінің отырысының қорытындысы бойынша Алматы қаласының Индустрияландыру картасына 872 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 4,930 млрд теңгеге тағы 4 жоба енгізілді , деп хабарлады әкімдік.
Алматы қаласы28 Қараша , 12:04

Сонымен, екінші бес жылдықтың 2015-2019 жж Индустрияландыру картасының жоспарына 100,5  млрд теңгеге 43 жоба енгізілді.

Айта өтейік, әкімдік Индустрияландыру картасына жаңа жобаларды қабылдау бойынша жұмысты тұрақты түрде жүргізіп келеді. 

Мақұлданған жобалар Алматының түрлі аудандарында индустриалды даму нүктесін  жасақтайды. Сонымен 4 жобаның 2-уі Түркісіб ауданында,  1-уі  Жетісу және тағы 1-уі Әуезов аудандарында  жүзеге асырылады. Олар өндірістің түрлі салаларын қамтыған. 




Яндекс.Метрика