Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

1995 жылы Конституцияның қабылдануы азаматтық қоғамды дамытудың басты көрінісі болып есептеледі

1995 жылы Конституцияның қабылдануы азаматтық қоғамды дамытудың басты көрінісі, дейді ҚР Президенті мұражайының директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Ботагөз Қайыпова Strategy2050.kz. ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында.
Астана қаласы27 Қараша , 17:32

«Конституция әрбір мемлекеттің мемлекеттілігінің паспорты іспеттес. Біз Конституция мемлекеттің құрылым жүйесін анықтап, негізгі мәселелер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын да белгілейтін фундаменталды мемлекеттік-құқықтық құжат деп айтуды әдетке айналдырдық. Бұл дұрыс. Конституция сонымен қатар мемлекеттің барлық заңдық аспектілер бойынша толық қалыптасып үлгергендігінің дәлелі де»,-деді ғалым.

Бұл ретте ол 1995 жылы республикалық референдумда қабылданған Конституцияның елімізде азаматтық қоғам имен мемлекет ұстанымының қалыптасып келе жатқандығының, жалпы алғанда мемлекет пен қоғамның дамып келе жатқандығын ең жоғарғы көрсеткіші екендігін ерекше айтты.

«Конституцияның 10 жылдық мерейтойын атап өткен кезде, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сөзінде «Конституцияны мұқият зерттеу  демократияның ең үлкен мектебі. Қазақстандық қоғамның алдында тап осы міндет тұр», - деген болатын. Ал Конституциямыздың 15 жылдығында Елбасы «15 жыл мемлекет дамуындағы қас-қағым ғана сәт. Бірақ осы қас-қағым сәтте қазақ халқының мыңдаған жылдарғы үміті мен арманы, олардың бостандық пен тәуелсіздікке деген жанкешті ұмтылысы жатыр»,-деді. Ал 20 жылдың қарсаңында қазақ халқының Конституциямен бірге өресі өсіп келе жатқандығын көруге болады», -деді Б.Қайыпова.     

Бұған қоса ол еліміздің басты заңына осы уақытқа дейін енгізілген өзгерістер еліміздің дамуы мен Конституцияның жетіліп, эволюцияланып келе жатқандығының көрінісі және өз кезегінде мемлекеттің демократия принциптеріне қарыштап қадам басуына мүмкіндік жасап отыр.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика