Басқару

Р.Бекетаев: Жыл басынан бері мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша бюджетке 2 млрд теңге қайтарылды

Жыл басынан бері мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша бюджетке 2 млрд теңге қайтарылды, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев.
Астана қаласы27 Қараша , 16:57

«ҚР Қаржы министрлігі қаржы бақылау комитеті 10 ай ішінде бюджеттік шығын бөлігінің 20 пайызын – 1,6 трл теңге, тәртіп бұзушылық 341 млрд теңгені құрады», - деді Р.Бекетаев.

Оның айтуынша, осы орайда мемлекеттік сатып алу 170 млрд теңгені құрады.

«Бюджетке 2 млрд теңге қайтарылды. 86 млрд теңгенің  тауары мен қызметі қалпына келтірілді. Бақылау органы санкция қолданға соң, мемлекеттік мекемелер шығынды қалпына келтірді», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

 




Яндекс.Метрика