Ұлтаралық бірлік

Қазақстанда «Қайырымдылық керуенi» аясында ҚХА байқауының қорытындысы шығарылды

Елордада өтiп жатқан қайырымдылық ұйымдарының, меценаттар мен донорлардың I республикалық съезiнде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуенi» жалпыұлттық акциясы бастау алды.
Астана қаласы27 Қараша , 16:24

«Қайырымдылық керуенi» жалпыұлттық акциясы 2016 жыл бойы өткiзiледi. Ал осы акция шеңберiндегi iс- шаралар биылғы жылдың 20 қарашасында елiмiздiң барлық өңiрiнде, Алматы және Астана қалаларында басталып кеттi. Бұл акция сондай - ақ ҚР Тұңғыш Президент күнiне орайластырылып отыр.

«Қайырымдылық керуенi» акциясы - қоғамда мейiрiмдiлiктi, гуманизм мен өзара риясыз көмек жасауды орнықтыру мен қазақстандықтардың, солардың iшiнде балалардың, мүмкiндiгi шектеулi адамдардың өмiр жағдайлары мен денсаулығына қамқорлықты күшейтуге бағытталған жоба.

Атап өтсек, Ассамблея жылында «ҚХА - 20 игi iс» акциясы аясында 90 мың адамға 5 млрд 623 млн 911 мың теңге көлемiнде көмек көрсетiлдi. «Менiң Қазақстаным» пойызы акциясы аясында 29 шалғай елдi мекендегi 50 мыңға жуық адам мамандандырылған медициналық көмекке қол жеткiздi.

Сондай- ақ, «Тайқазан» эстафетасы, «Мейiрiмдiлiк арқылы бiрлiкке» акциясы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 70 жылдығы құрметiне арналған шара барысында көптеген адамдарға көмек көрсетiлдi. Және де қазiргi таңда 2012 жылы басталған «Бейбiтшiлiк пен келiсiм жол картасы» жобасы iске асуда




Яндекс.Метрика