Халықаралық интеграция

Римде Қазақстанның дінаралық және мәдениетаралық диалогқа қосқан үлесі талқыланды

Римде Қазақстанның Елшілігімен бірлесіп итальялық Азия мен Жерорта теңізі елдері институты «Дінаралық диалог – демократияны дамытудағы бағалы серпін» тақырыбымен дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде28 Қараша , 10:02

Шараға Италияның институционалды органдарының өкілдері, танымал қоғам қайраткерлері,  мәдениет және ғылым қайраткерлері, Италияның түрлі жоғарғы оқу орындарының ұстаздары мен профессорлары, дін мәселесі бойынша сарапшылар, сонымен қатар итальялық БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстандық дипломаттар дөңгелек үстел барысында жиналған қауымға дінаралық және этносаралық толеранттылықтың қазақстандық үлгісін таныстырды. Бұл ретте, Қазақстан халқы Ассмаблеясының жұмысы ерекше аталып өтті.  

Сонымен қатар, қатысушылардың назарына Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол- болшаққа бастар жол» халыққа Жолдауы мен «Мәңгілік Ел» идеясы таныстырылды.

Итальялық тараптың өкілдері Қазақстанның аталмыш саладағы саясаты әлемде айтарлықтай  қызығушылық тудырып отырғанын және үлкен резонансқа ие болғанын атап өтті. 




Яндекс.Метрика