Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Р.Бекетаев: ҚР Мемлекеттік аудит туралы заңы бюджет саласында болуы ықтимал тәртіп бұзушылықтың алдын алады

ҚР Мемлекеттік аудит туралы заңы бюджет саласында болуы ықтимал тәртіп бұзушылықтың алдын алады, деп мәлімдеді Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Астана қаласы27 Қараша , 15:53

 «Қазіргі жағдай мен жаңадан қабылданып жатқан құжаттамалық заң жобаларының аясында жергілікті Тексеру комиссияларының қызметіне бұдан былай аудит жүргізетін боламыз. Біз орталық органдармен бірлесе отырып, жергілікті жерлердегі комиссия қызметін жетілдіру мақсатында бірқатар тың бастамаларды қолға алып отырмыз. Соның бірі - осы аудит жүргізу ісі болса, тағы бірі - жергілікті жерлердегі комиссия жетекшілерін лауазымға тағайындауға, қызметінен босатуға жергілікті маслихатқа өз пікірімізді еркін ұсына алатындығымызды ескерткім келеді. Сондай-ақ, өзге де мамандардың қызметтік сатылап өсуі мен олардың өз міндеттемелерін мінсіз орындалуын жеркілікті атқарушы билікпен бірлесе отырып қамтамасыз ететін боламыз», - деді Есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Есімұлы.

Төрағаның айтуына қарағанда, қызметтік құрылым арасындағы мұндай өзгерістер еліміздегі Есеп комитеті мен осы мекеме мамандарының мінсіз қызметін одан сайын жетілдіре түседі. Сонымен қатар, бөлінген мемлекет қаржысының діттеген жерге дер кезінде жетіп, тиімді жұмсалуын қатаң қадағалануына зор мүмкіндіктер береді.

«Заң барлық органдардың  жұмысын өзара байланыстырады. Олар Есеп комитетінде жұмыс істейді – Есеп комитеті, облыстардағы ревизиялық комиссиялар, Қаржы бақылауы мен ішкі аудит қызмет. Заң факт констанциясынан оларды ескертуге, сараптамалық істің себебіне шығуға мүмкіндік береді. Жаңа заңға сәйкес, аудио келісім мен аудиотиімділікке сәйкестендіріледі», - деді Р.Бекетаев.

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика