Адами капитал

Астанада «Қайырымдылық керуені» шарасы басталды

Елорданың Бейбiтшiлiк және келiсiм сарайында қайырымдылық ұйымдарының, меценаттар мен донорлардың I республикалық съезi өтiп жатыр.
Астана қаласы27 Қараша , 15:36

«Қазақстан халқы ассамблеясы жылы бiз ҚР Тұңғыш президент күнiне орай қайырымдылық ұйымдар, меценаттар мен донорлардың бiрiншi республикалық съезiн өткiзiп отырмыз. 22- шi сессияда Мемлекет басшысы ассамблеяға үкiметпен, ұлттық кәсiпкерлер палатасымен, барлық аймақ әкiмдерiмен бiрiгiп, қайырымдылық акциялардың барлығын үйлестiру мәселесiн әзiрлеудi тапсырды. Елiмiзде бұл салада көптеген жұмыстар жасалды. Қазақстанда алғаш рет »Қайырымдылық туралы» заң қабылданды. Ассамблея елде қайырымдылықты дамытуға үлес қосу мүмкiндiгiне қол жеткiздi«, - дедi съездi ашқан ҚР Мемлекеттiк хатшысы Гүлшара Әбдiқалықова.

Атап өтсек, съезд жұмысына 1200-ден астам адам қатысты. Оның мақсаты - елде қайырымдылықтың дамуына жаңа екпiн беру, қайырымдылықпен айналысатын барлық ұйымдар мен азаматтардың бiрлесуiне жәрдемдесу.

Г.Әбдіқалықова атап өткендей, «Қайырымдылық туралы» ҚР заңының жүзеге асуына қоғамдық қолдау көрсету қажеттігін айтты. Ал съез осы орайда кеңейген әлеуметтік диалог құруға бағытталған.

«Қазіргі таңда қайырымдылық қоғамның әлеуметтік қызметі болып саналады. Сондықтан съездің мақсаты қоғамдық-әлеуметтік әлеуетті арттырып, қайырымдылықтың қоғамдық мағынасын арттыру», - деді ҚР Мемлекеттік хатшы.

Съез аяқталуға байланысты салтанатты түрде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Қайырымдылық керуені» ресми  түрде  басталды. Шара 2016 жыл бойы жалғасады.




Яндекс.Метрика