Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік мекемелер мен өңір қызметкерлерін еңбекақыс төлеу жүйесінің жаңа үлгісі бойынша оқыту жұмыстарын жүргізді

Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мамандары мемлекеттік мекемелер мен аймақтық кәсіпорындардың есепшілері мен кадрлық қызмет жұмыскерлерін азаматтық қызметшілердің еңбекақысын төлеу жүйесінің жаңа үлгісі бойынша оқытуда, деп хабарлады Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан27 Қараша , 19:56

26 қарашадағы мәліметтерге сәйкес, ҚР ДСӘДМ жұмыс тобының мүшелері республиканың 9 аймағында: Астана және Алматы қалалары, Қарағанды, Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында оқыту жұмыстарын жүргізді. Жалпы алғанда 5,5 мың адам оқытылды.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтық қызметшілердің еңбекақысын төлеу жүйесінің жаңа үлгісі енгізіледі. Аталған үлгіде азаматтық қызметшілерді біліміне, біліктілігіне, атқаратын қызметінің күрделілігі мен дәрежесіне қарай төрт санатқа бөлу көзделген: ұйымның даму стратегиясы үшін жауап беретін және басқару шешімдерін қабылдайтын басқарушы A блогы; ұйымның негізгі функцияларының іске асырылуын қамтамасыз ететін негізгі B блогы; әкімшілік-құқықтық және шаруашылық функцияларын орындайтын әкімшілік C блогы; қосалқы және техникалық функцияларды іске асыратын қосалқы D блогы.

Еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа үлгісін енгізгеннен кейін біліктілігіне байланысты негізгі қызметкерлер жалақысының сараланып арттырылуы күтіледі:денсаулық сақтау саласында – 7% -дан 28%-ға дейін,білім беру саласында – 15%-дан 29%-ға дейін,өзге салаларда – 28%-дан 40%-ға дейін.

Сондай-ақ, өсім қызметкердің білімі, біліктілік деңгейіне, еңбек өтіліне және т.б. қарай сараланатын болады.

 

 




Яндекс.Метрика