Мәдениетті жаңғырту

Қазпочта тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маркалар көрмесін өткізеді

«Қазпочта» АҚ Қазақстан Республикасының 1992 жылдан бастап шыққан пошталық маркаларының көрмесін өткізетінін хабарлайды. Көрме Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті мейрамына орай ұйымдастырылады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Астана қаласы27 Қараша , 19:41

«Қазпочта 180 мемлекеттен тұратын дүниежүзілік пошта ұйымында Қазақстан Республикасының атынан тіркелген. Ал біздің қазақстандық маркаларымыз пошталық төлем белгісі болып, бүкіл әлем бойынша таралады. Көрме барысында Тәуелсіз Қазақстанда шығарылған барлық 933 түрлі маркалар көрсетіледі» - деп Байрам Азизов, «Қазпочта» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі түсіндірді.

ҚР маркаларының тақырыптары – табиғат, тарих, мәдениет, өнер, спорт, ғарыш және қоғам. Маркалардың бетінде қазақ елінің есте қалар сәттері, өткен ғасырдың тарихы оқиғалары және әйгілі тұлғалар белгіленген.

Көрме 2015 жылдың 30 қараша мен 4 желтоқсан арасында «Сарыарқа» сауда орталығында өтеді.

 




Яндекс.Метрика