Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

ҰЭМ: 2016 жылдан бастап ҚТЖ магистральді т/ж бағытында жүк тасымалдау тарифін 4 пайызға көтереді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті «Казақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне - МТЖ тарифтер бекітуге арналған өтінімін қарады, деп хабарлады ведомство.
Казахстан27 Қараша , 18:36

Өтінімді қарау нәтижелері бойынша осы көрсетілетін қызметтердің тарифтері келесі жылға мәлімделген  22,8 % және 2017-2020 жылдарға 7 % орнына 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап және жыл сайын (2020 жылға дейін) орташа  есеппен  4 %-ға   ұлғаяды.

ҚТЖ мәлімдеген тариф жария тыңдауларда талқыланды. Сондай-ақ бизнес қауымдастықпен бірлесіп талқылау өткізілді. Нәтижесінде  4 % деңгейінде (орташа есеппен) бекітілген өсу «Республикалық  тау-кен және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығы» ЗТБ және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы қолдады.  

Тарифтерді өзгертудің негізгі себебі  608,6 млрд.тг.  мөлшеріндегі сомада 5 жылдық инвестициялық бағдарламаны іске асыру болды. Осылайша ҚТЖ жаңа тарифі ең алдымен өз қызметтерін үздіксіз және қауіпсіз көрсету үшін жаңа құралдарды салуға және жаңғыртуға   инвестицияларды көздейді. 5 жыл ішінде мынадай іс-шаралар іске асырылады:жолдың үстіңгі құрылысын күрделі жөндеу;Алматы-Шу  учаскесінде екінші жолдардың  және Астана қаласындағы  жаңа  темір жол вокзалының бірінші кезектегі құрылысы; тартымдық шағын станцияларды жаңғырту. Станцияларды реконструкциялауразъездердің, қосымша парктің  құрылысы;Поездар қозғалысын аралық реттеу жүйелерін салу, ТОБЖ (талшықты-оптикалық байланыс желісі) және басқалар.

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика