Адами капитал

ҚР ҚК ӘТК-нің корабльдері жауынгерлікке барынша жақындатылған жағдайларда экипаждардың үйлесімділігін көрсетті (ФОТО)

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің әртекті корабльдерінің дивизионында қорытынды тексеріс өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 27 Қараша, 20:43

Жауынгерлік даярлықты тексеруге ҚР ҚК Бас штабының комиссиясы келді. Тексеру шеңберінде таңсәріде пәрмен бойынша ҚР ҚК ӘТК-нің «Қазақстан», «Орал», «Сарыарқа» корабльдері және «Жайық» гидрографиялық кемесі теңізге шықты. 

Кемелер біртекті және әртекті топпен және корабльдердің жалғануымен жауынгерлік іс-қимылдарды дайындау мен жүргізуді пысықтады. Түпқараған жауынгерлік даярлық ауданында «Қазақстан», «Орал», «Сарыарқа» зымыран-артиллериялық корабльдерінің және «Жайық» гидрографиялық кемесінің экипаждары зениттік құрылғыдан, артиллериялық қондырғыдан, ірі калибрлі оқшашардан практикалық артиллериялық оқ атуларды, сондай-ақ атыс қаруынан оқ атуды өткізді.

Экипаждар қару мен техникалық құралдарды қолдану кезіндегі іс-қимылдарды, біртекті тактикалық топ құрамында жауынгерлік оқу-жаттығуларды өткізу кезінде күнделікті және жауынгерлік күн тәртіп бойынша жеке құрамның іс-әрекеттерін көрсетті.   Теңізде болған кезде ҚР ҚК ӘТК әртекті корабльдер дивизионының жеке құрамы жауынгерлікке барынша жақындатылған жағдайларда экипаждардың үйлесімділігін көрсетті. Сондай-ақ қару мен техникалық құралдарды қолдану,  корабльдер мен корабльдер топтарын қорғау мен қорғаныстың барлық түрлерін пысықтады.


 





Яндекс.Метрика