Басқару

В.Порубаймех: Барлық шетелдік тулар Қазақстан байрағымен қатар ілінеді

Барлық шетелдік тулар Қазақстан байрағымен қатар ілінеді, демек шетелдік мекеменің атрибуты қай жерде орналасса да жанында ҚР туы болуы тиіс, деді ОКҚ-дағы брифингте ҚР МСМ Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыстар жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Василий Порубаймех.
Астана қаласы27 Қараша , 13:34

2015 жылдың қазанында Мемлекет басшысы ««Мемлекеттік рәміздер туралы»  Конституциялық заңға толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» Конституциялық заңына қол қойған болатын.

«Құжатта мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібін кеңейту, насихаттау және оларды қолдану жөніндегі Үкіметтің және уәкілетті органның құзырын нақтылау, ҚР Мемлекеттік рәміздері күнін атап өтудің ережесін әзірлеу, мемлекеттік рәміздер және геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құру қарастырылған», - деді ол өз сөзінде.

Заңның тағы бір жаңа нормасына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар өз туларын ҚР Мемлекекеттік туымен бір мезгілде орналастыруға міндетті

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика