Халықаралық интеграция

ШЫҰ Қорғаныс министрліктерінің сарапшылары жеңіл және оқ ату қаруының айналымын талқылады (ФОТО)

Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетіндегі жиын барысында Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүше мемлекеттерінің сарапшылары ШЫҰ-ның мемлекеттерінде қарулы күштерді дамыту мен жеңіл және оқ ату қаруының есепке алынуы мен сақталуын ұйымдастыру тақырыбын талқылады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Астана қаласы 27 Қараша, 15:19

Жиынға алғаш рет ШЫҰ-ның болашақ мүшелері Үндістан мен Пәкістанды қоса отырып, ШЫҰ диалогы бойынша қадағалаушы және серіктестер мемлекеттері қарулы күштерінің өкілдері қатысты. Сарапшылар әскери ғылым және әскери құрылыс теориясы, мемлекеттің әскери ұйымын қалыптастыру, сондай-ақ ШЫҮ-ның кеңістігінде туындайтын қауіп-қатердің көкейкесті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Сарапшылар бүгінгі күні қару-жарақты бақылау режімдерін сақтау, сенімділік пен қауіпсіздік шараларын нығайту, тұрақты және бейбіт өмір сүрудің басты шарттарының бірі болып табылатыны, ал қарудың заңсыз айналымы қауіпсіздікке қатер туғызатыны жайлы пікірлері бір жерден шықты.

Өз кезегінде, ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері Қазақстан экспорттық бақылау жүйесінің құрылуы мен іске қосылуы, сондай-ақ өзге мемлекеттердің әдістемелерін қолдану бойынша өздерінің тәжірибесімен бөлісуге әзір екенін айтты. «Оқ ату қаруының заңсыз айналымы мәселесін мемлекеттердің анағұрлым көп санын тарту есебінен тек бірлескен және үйлестірілген күш-жігермен шешуге болады», - деп кездесу барысында атап өтілді. Аталған тақырыпта Қазақстан жеңіл және оқ ату қаруын заңсыз сатуға қарсы іс-қимыл аясындағы міндеттемелерді ұстанады және барлық аспектілерде және онымен күресуде оқ ату қаруы мен жеңіл түрдегі қару-жарақты заңсыз сатуды болдырмау және түбімен жою бойынша БҰҰ-ның іс-қимыл жасауы бағдарламасын іске асыруға үлесін қосады.





Яндекс.Метрика