Басқару

Ғ.Доғалов: Қазақстанда Мемлекеттік Елтаңбаның техникалық стандарты өзгертілді

Қазақстанда Мемлекеттік Елтаңбаның техникалық стандарты өзгертілді.Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен брифингінде ҚР ҚР технологиялық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Дұғалов мәлім етті.
Астана қаласы27 Қараша , 12:09

«2014 жылдың мамырында  мемлекеттік комиссияның тапсырысы аясында ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының стандарты өзгертілді. ҚР технологиялық реттеу және метрология комитетінің жаңа стандарты бойынша Елтаңба қабылданды. Елтаңбаның екінші стандарты 2008 жылы қабылданып, осы күнге дейін қолданды», - деді Ғ.Дұғалов.

 «2016 жылдың 1 қаңтардан бастап Елтаңбаның жаңа нұсқасы енгізілетін болады. 2017 жылға дейін ескі елтаңба қолданыла беріледі. Ал, 2017 жылдан бастап ескі елтаңбаны ауыстыруға тура келеді",- деді ол.

Ғ.Дұғалов атап өткендей, егер осыған дейін тек пантоне, түсі қолданса, қазір Lab халықаралық түс жүйесі бойынша ашық, қанық түстер қолданылады. Оның түстік гаммасы өзгертіліп, ашық және кеңейе түседі.

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика