Басқару

Қазақстанда 4 мауымда заңнамалық тұрғыда Мемлекеттік рәміздер күні тойланады

4 мауысм күні елдің барлық өңірлерінде шаралар өткізіледі, енді ол заң түрінде мерекеленеді, деді ҚР МСМ Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмысты дамыту жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Василий Порубаймех ОКҚ-дағы брифингте.
Нұр-Сұлтан27 Қараша , 11:38

«Біз « «Мемлекеттік рәміздер туралы»  Конституциялық заңға толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» Конституциялық заңын ұсынып отырмыз,  құжатты  Елбасы Ұлт жоспарындағы тапсырмасына сәйкес  Ұлттық жаңғырту комиссиясы әзірледі. Нақты тапсырмалар ҚХА-ның  XXII сессиясы мен «Нұр Отанның» XVI съезінде де берілді», - деді ол.

Оның айтуынша, негізгі  жаңашылдықтар төрт бапқа енгізілмек.

«Мемлекет негізгі акционер болып шығатын  мемлекеттік және заңды  мекемелерде мемлекеттік рәміздер туралы экспозициялар ілінеді. Ол мемлекеттік рәміздердің тарихы мен авторлары жайында сыр шертеді», - деді ол.

В. Порубаймех, атап өткендей, тағы бір мәселе Мемлекеттік рәміздер күнін тойлауға қатысты.

«Қазіргі таңда 4 маусым күні барлық ел өңірлері шаралар өткізу тәжірибесі бар, енді ол заң түрінде мерекеленеді», - деді ол.

Айта кетейік, 2015 жылдың қазанында Мемлекет басшысы ««Мемлекеттік рәміздер туралы»  Конституциялық заңға толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» Конституциялық заңына қол қойған болатын.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика