Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Ә.Исекешев: Қазақстан алдында ел экономикасы үшін ғарыш саласын дамыту міндеті тұр

Қазақстан алдында ел экономикасы үшін ғарыш саласын дамыту міндеті тұр, деп хабарлады «Қазақстандағы ғарыш күндері – 2015» халықаралық семинары аясында Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев.
Нұр-Сұлтан27 Қараша , 11:09

«Жаңа экономикада   ғарыш саласы  - басты бағыттардың бірі. Ғарыш технологиялары болашақта да өте маңызды рөл ойнайтын болады. Бұл іскерлік ғарыштиы зерттеу ғана емес, сондай-ақ, ол көлік, ауыл шаруашылығы, экология мен өзге бағыттарды дамытуға әсер етеді», - деді министр.

Ә.Исекешев атап өткендей, Қазақстан алдында әдістер ел экономикасы үшін ғарышты дамыту міндетін әкеліп отыр.

«Бүгінгі форум тәжірибе алмасумен қатар ғарыш саласындағы технологиямызды насихаттауды да алға тартып отыр. Сол үшін БАҚ-ты шақырдық, олар қоғамға Жерді қашықтықтан зондау мен жерсеріктік навигация технологияларының жұмысын жеткізеді. Біздің елдің аймағы ұлан-ғайыр, сондықтан пилоттық режимде өзге ұйымдармен жұмысты бастадық, мәселен мұнай салаында. Олардың негізінде экологиялық бағдарламалар дайындалады», - деді ол.

Айта кетейік, семинар барысында ҚР ЖҚЗ ҒЖ және ҚР ДЖСНЖ ЖИ ұлттық операторы болып табылатын біздің компанияның қызметкерлері жаңа ғарыштық технологиялармен жұмыс істеу тәжірибесімен бөліседі. Қазақстан экономикасының салалық міндеттерін шешу үшін ҚР ЖҚЗ ҒЖ қолданудың өзіндік бағдарламасын ұсынады. ҚР ДЖСНЖ ЖИ және қазіргі геоақпараттыққ технологиялардың мүмкіндіктері туралы айтып береді

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика