«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Ақтөбеде 50 отбасы «Нұрлы жол» бойынша пәтерге ие болды

Ақтөбеде 50 отбасы «Нұрлы жол» бойынша пәтерге ие болды, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе27 Қараша , 20:24

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев пен облысқа келген «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқармасының төрағасы Қуандық Бишімбаев пен холдингтің еншілес компанияларының бірқатар басшылары «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында салынған «Кең дала» тұрғын кешенінде пәтер кілттерін тапсыру салтанатты рәсіміне қатысты.

«10 айдың ішінде аймақта 353 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, жыл соңына дейін тағы 150 мың шаршы метр салынады. «Бәйтерек» холдингіне облыста тұрғын үй салу бойынша мемлекеттік бағдарламаның іске асарылуына қосып жатқан үлесі үшін алғысымды білдіргім келеді. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолжетімді және сапалы баспананы салу саясатының арқасында табысы орташа адамдар, бюджеттік қызметкерлер баспанаға ие бола алады », - деді рәсімді ашу кезінде аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев.

Кезекте тұрған жүзден астам адам қала орталығында салынған үй пәтерлерінің кілттерін алды. 

 




Яндекс.Метрика