Мәдениетті жаңғырту

Астанада Тұңғыш Президент күніне арналған Халықаралық Оқу Конгресі басталды

Бүгін елордадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған «Оқырман қауым – ұлы дала елінің болашағы» тақырыбында Халықаралық Оқу Конгресі басталды.
Нұр-Сұлтан 27 Қараша, 10:58

Конгресс «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлттық жоспары бойынша институционалды реформаларды жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтымен бірлесіп өткізіліп отыр. Конгресс ЮНЕСКО-ның, Халықаралық Кітапханалық Ассоциациялар мен мекемелер федерациясының (ИФЛА) және Еуразия кітапханашылары ассоциациясының (ЕКА) қолдауымен өтуде.

Конгресске Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, «Московская городская организация Союза писателей России» атты Аймақтық қоғамдық ұйымының төрағасы, Ресей Жазушылары одағы Басқармасының хатшысы, қоғам қайраткері, ақын, аудармашы Владимир Бояринов, Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы Акбар Мәжитұлы, Мимар Синан университетінің профессоры, ғалым Абдуакап Қара, ақын, аудармашы, Қырғызстан жас қаламгерлері Одағының төрағасы Нұрлан Калыбеков, Б. Н. Ельцин атындағы Президент кітапханасы ақпараттық ресурстарды құру және өңдеу бөлімінің библиографы Яна Рыженкова, «Элар» корпорациясының кітапханалармен жұмыс департаментінің директоры Вадим Андрейнюк, Әзірбайжан Ұлттық кітапханасының Кітапханатану ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі Гаджиева Айгюн мен қатар, сондай-ақ, көрнекті қазақстандық қоғам және саясат қайраткерлері, ғалымдар, ақын-жазушылар, меценаттар, мәдениеттанушылар, баспагерлер, журналистер, оқытушылар, мемлекеттік мекемелердің жетекшілері мен жауапты қызметкерлері, мәдениет, білім және ғылым саласы өкілдері, кітапханашылар қатысуда.

Болашақ буынның шығармашылық және әлеуметтік белсенділігін арттыру, ұлттың интеллектуалдық әлеуетін көтеру құралы, мәдениеттің маңызды элементі ретіндегі оқуға жан-жақты қолдау көрсету, ұлттың интеллектуалдық және рухани деңгейін көтеруге қажетті құрал іспетті оқуға халықты тарту мақсаты болып табылатын конгресс бағдарламасында 8 секция жоспарланып отыр. 

 





Яндекс.Метрика