Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Астанада «Қазақстандағы Ғарыш күндері – 2015» халықаралық семинары өтуде

Астанада «Қазақстандағы Ғарыш күндері – 2015» халықаралық семинары өтуде. Шара Жерді қашықтықтан зондтау мен ғарыштық навигация жүйесінің жер үсті инфрақұрылымы жұмысының қорытындысы мен мүмкіндіктерін талқылауға бағытталған.
Нұр-Сұлтан27 Қараша , 10:54

Семинарға Франция, ФГР, АҚШ, Израиль, Ұлыбритания, Швейцария, Испания, Норвегия, Нидеоланды, Жапония, Канада, Мысыр, Оңтүстік Африка, ҚХР, Оңтүстік Корея, Иран, Ресей, Украина мен Беларусьтің 350 маманы қатысуда.

«Ғарыш күндері» халықаралық семинары үшінші рет ұйымдастырылып, дәстүрге айналды. Шараға 20 елден мамандар қатысуда. Қазақстан үшін аталмыш семинар өте маңызды. Соңғы жылдары Қазақстан өте көп жұмыс атқарды. Мемлекет басшысы ғарыш саласын дамыту мәселесіне үнемі назар аударады, соңғы жылдары 4 өзіміздің  жерсерік пайда болды», - деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев.

Министр атап өткендей, Қазақстан қазіргі таңда ғарыш технологиялары бойынша 50 елдің, жоғары шешімді технологиялар  бойынша 10 елдің қатарына еніп отыр.

«Кадр дайындау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. 1300 маман ғарыш саласында жұмыс істеуде. Төрт отандық ЖОО-да отандық мамандарды дайындап жатырмыз», - деді министр.

Айта кетейік, халықаралық семинар 4 секция бойынша өтеді, ол ЖҚЗ мен ЖҮИЖ мәліметі бойынша экономиканың әр саласына байланысты болады.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика