Инвестициялар

«Даму» қоры мен Ақтөбе облысының әкімдігі 900 млн теңгенің меморандумына қол қойды

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқармасының төрағасы Қуандық Бишімбаевпен өткізген жиналысының аясында «Даму» қоры мен Ақтөбе облысынының әкімдігі арасында жалпы сомасы 900 млн теңге болатын меморандумға қол қойылды, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе27 Қараша , 12:37

300 миллион теңге аймақтағы жас кәсәпкерлердің стартап-жобаларын қаржыландыруға жұмсалады. Облыстық әкімдік бұған 100 млн теңге, ал «Даму» 200 млн теңге бөледі. Қаражат екінші деңгейлі банк арқылы бөлінеді, несиенің максималды сомасы - 15 млн. теңге. Сыйақы ставкасы - жылына 10 пайыз.

Сондай-ақ ауылды жерлердегі шағын және орта бизнесті қолдау үшін 600 млн теңгенің меморандумына қол қойылды. Облыстық әкімдік 200 млн теңге, «Даму» қоры 400 млн  теңге бөледі. Несиенің максималды сомасы - 10 млн. теңге. Сыйақы ставкасы - жылына 10 пайыз.

«Даму» қорының қатысуымен сонымен бірге аймақтарға ауыл шаруашылығы өнімдерін жетікізіп отырған кәсіпкерлерді қолдау үшін үшжақты келісімге қол қойылды.

 




Яндекс.Метрика