Білім беру

Астанада Президенттік олимпиаданың жеңімпаздары марапатталды (ФОТО)

ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Астана қаласында Президенттік олимпиада жеңімпаздарымен кездесті.
Нұр-Сұлтан 27 Қараша, 10:08

Министрмен сұхбаттасуға 50-ге жуық оқушы қатысады. Олар 2015 жылдың 30 қазан мен 26 қараша аралығында өткен жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден Президенттік олимпиаданың жүлдегерлері. Олимпиаданың негізгі идеясы – жоғары білімді қазақстандық оқушыларды тәрбиелеу және жаратылыстану-математика ғылымдарын терең меңгерту.

Олимпиада сегізінші рет өткізіліп отыр. Әдеттегідей, 2015 жылғы олимпиада үш кезеңде өткізілді. Бірінші – аймақтық кезеңде 1024 мектептен барлығы 2040 мектеп бітіруші қатысты. (517-і мамандандырылған, 536-і ауылдық мектептерден).

Екінші кезеңде республиканың барлық өңірлерінен 329 оқушы on-line режімінде тестілеуге және жоғары ұпай жинаған 165 оқушы эссе жазды. Үшінші кезең – республикалық, ол 2 тур бойынша 4 бағытта: математика, химия, физика и биологиядан өткізілді.

Жыл сайын зияткерлік республикалық жарыстарға 9-11 сыныптардың  2000-нан астам оқушылары қатысады. Бүгінде қазақстандық оқушылардың аттарын беделді халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары қатарынан жиі көруге болады. Биылғы жылы, 1 қарашаға, біздің оқушылар халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 1246 медальді жеңіп алды, оның 270-і –алтын,  360-і -күміс, 596-і қола, сондай-ақ  20 грамота.

 





Яндекс.Метрика