Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Тұңғыш Президент күніне арналған әлеуметтік форумға 8 елдің 100 ғалымы қатысуда

Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған Астаналық әлеуметтік форум басталды.
Нұр-Сұлтан 27 Қараша, 10:02

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстан елордасына Қазақстан, Ресей, АҚШ, Түркия, Беларусь, Әзірбайжан, Армения, Қырғызстан елдерінің 100 ғалымы қатысты. Оның ішінде академиялық және қолөнер ғылымының жетекші университеттері бар.

Шара барысында әлеуметтанушылар мен гуманитарилер Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлдерін талқылайды. Форумда  «Қазақстан-2050» Стратегиясын сүйемелдеу бойынша  2013-2015 жылдарға арналған зерттеу жұмыстарының үшжылдық тақырыптық жоспарының қорытындысы шығарылады. Сондай-ақ, «Мәңгілік ел» идеясы аясында қойылған тапсырмаларды ескере отырып 2016-2018 жылдарға арналған жаңа құжаттың қабылдануына ұсыныстар енгізіледі.

Форум жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Бағлан Майлыбаев, ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, ҚХА төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов қатысады.

 

 





Яндекс.Метрика