Энерготиімділік

​ШҚО-да энергия тиімділікті арттыру жобасы жүзеге асырылуда

Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың «Электр энергиясы мен энергия үнемдеуді дамыту институты» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Серік Турчекеновпен кездесуі барысында жобаны өңірде іске асыру тетіктері, кесте мен жұмыс көлемі, сонлай-ақ энергия тиімділік мәселесі талқыланды, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан27 Қараша , 15:03

Шығыс Қазақстан облысында энергия тиімділікті арттыру және жылу мен жарыққа кететін шығынды азайтуға бағытталған жөндеу жұмыстары үшін екі нысан таңдалды: «Өскемен мамандандырылған мектепке дейінгі балалар үйі» ММ және «Мамандандырылған сәбилер үйі» КММ.

Кездесу барысында қос тарап келешекте осы тектес жұмыстар жүргізу мен ынтымақтастықты нығайту туралы уағдаласты, деп хабарлайды ШҚО Ақпарат орталығы.

Естеріңізге салып өтсек, Елбасының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық қайта құру және даму банкінің арасында «Қазақстанда энергия тімділікті арттыру» жобасы бойынша грант туралы келісімге қол қойылды. Грант қаражаты 21,7 млн АҚШ долларын құрайды. Мемлекеттік мекемелер мен әлеуметтік сала ныандарында энергия тиімділігін аарттыруға бағытталған жоба аясында Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Павлодар облыстарында 19 нысан таңдалды.




Яндекс.Метрика