Инвестициялар

Азия Даму банкі Алматы-Бішкек экономикалық дәлізін дамытуға үлес қосады

Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев Азия Даму банкінің өкілдерімен кездесті. Кездесуде Алматы – Бішкек экономикалық дәлізіндегі Алматы агломерациясына облыстың қатысуы туралы сөз болды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Алматы27 Қараша , 14:47

Азия Даму банкінің бас экономисі Прадип Сриваставаның айтуынша, Банк Орта Азияның аймақтық экономикалық дамуы бағдарламасының шеңберінде Алматы – Бішкек экономикалық дәлізін жүзеге асырғалы отыр. Аталмыш жоба шеңберінде ауыл шаруашылығы, туризм, логистика, жол және көлік, білім, денсаулық салаларын дамытуға инвестиция салу көзделген. Банктің әзірге Қазақстандағы жұмыс бағыты инфрақұрылымды дамыту тұрғысында белгіленуде.

Аталмыш экономикалық дәлізінде тек екі қала арасындағы жол ғана емес, сонымен қатар Алматы және Бішкек қалаларының агломерацияларын дамыту да басты бағыт болмақ. Бұл орайда Алматы облысының да экономикалық мүмкіндіктері сараланбақшы. Облыс өз тарапынан ауыл шаруашылығында, туризмде, логистика және инфрақұрылым салаларында инвестиция құюды қажет ететін жобаларын орталық органдармен бірлесіп ұсынатын болады.  

Облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев Алматы агломерациясы аумағындағы бес ауданның экономикалық әлеуетін арттыруға және Алматы қаласының маңында азық-түлік белдеуін дамытуға септігін тигізетін бұл жоба өңір үшін аса қажет екенін және оған атсалысатындарын жеткізді. 

 




Яндекс.Метрика