Инвестициялар

Отандық және малайзиялық компаниялар ШҚО-да көпірлерді салу саласында ынтымақтастық жүргізуде

Облыс әкімі малайзиялық «Соллини» концерні мен отандық «Магнетик» компаниялар тобының басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлады ШҚО-ның баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан27 Қараша , 17:48

Кездесу барысында Шығыс Қазақстан облысында жүзеге асырылатын, ірі инвестициялық инфрақұрылымдық жобаларға аталмыш компаниялардың қатысуы мәселесі талқыланды.

«Соллини» концернінің акционері мен Малайзиялық «Такас» компаниясының құрылтайшысы Джозеф Кинг, Қазақстанда жобаларды жүзеге асыруға ниетті екендіктерін хабарлады.

Малайзиялық компаниялардың серіктесі болып табылатын қазақстандық «Магнетик» компаниялар тобының президенті Дмитрий Гречаниченко Шығыс Қазақстандағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мәселесін қарастыруға дайын екендіктерін жеткізді. «Магнетик» ЖШС арнайы темір-бетон бұйымдарын, металл құрылымдары мен көпірлер салу бағытында жұмыс жасайды.

Өз кезегінде аймақ басшысы Даниал Ахметов Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін және Өскемен қаласындағы Виноградов көшесінің қиылысында салынатын көпір өткелдерінің құрылысы жобасына шетелдік компаниялардың қатысу мүмкіндігін қарастыруды міндеттеді. Сондай-ақ, облыс әкімі тиісті басқармаларға аталмыш жобалар бойынша қолда бар есептеулерді көрсетуді тапсырды.

 




Яндекс.Метрика