Инвестициялар

ОҚО әкімі мен Францияның Бас Консулы инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция тарту мәселесін талқылады

Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен Франция Республикасының Алматыдағы Бас консулы Патрик Ренар болды, деп хабарлады ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оңтүстік Қазақстан27 Қараша , 12:19

Өңір басшысы Бейбіт Атамқұловпен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. 

Атап айтқанда, инфрақұрылымдық жобаларға, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және өңірдегі туризм салаларына инвестициялар тарту жайында айтылды.

Француз дипломаты өзара ынтымақтастықты кеңейту үшін мемлекеттік-жеке серіктестіктің мүмкіншіліктерінің потенциалы жоғары екендігін  айтып өтті.  

Өз кезегінде Бас консул ОҚО әкіміне жылы қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, іскерлік әрі серіктестік ынтымақтастықты одан әрі дамытатындықтары жөнінде сенімділік білдірді.

 




Яндекс.Метрика