Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Елбасының шетелдік жоғарғы наградалары таныстырылды (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында салтанатты түрде «Әлем қадірлеген Елбасы» атты шетел мемлекеттерінің жоғары наградалар көрмесі ашылды.
Нұр-Сұлтан27 Қараша , 10:19

«Көрме Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналып ашылды. Бұл наградалар біздің Мемлекет басшысымыздың әлем қауымдастығының мойындағанының белгісі болып табылады. Бүгінгі күнге Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа 39 шетел наградасы берілген. Бұл елдер оны лидер ретінде мойындап, Қазақстанды күшті ел ретінде мойындады деуге болады», - деді Елбасы кітапханасының атқарушы директоры Бейсембай Жұмабеков көрменің ашылуы барысында.

Коллекцияда Ұлыбритания, Жапония, Ресей, Ватикан, Франция, Ауғанстан, Қытай және басқа да елдерден берілген наградалар қойылған. 

Салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай көрменің ерекшелігіне тоқталды.

Көпшілік назарына алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә. Назарбаевқа берілген  шет мемлекеттердің 39 жоғары наградалары ұсынылды. 

«Бүгінгі көрменің бірегейлігі сол, мұнда қойылған әр медальдің, әр орденнің өзіндік тарихы бар. Әр награда – бұл біздің Елбасымыздың ұлы еңбегі. Біздің Президентіміз Қазақстанды барша әлемге танытты. Біз өз Президентімізді мақтан етуіміз керек», - деді Д.Мыңбай. 

 

Шараға сондай-ақ, жазушы Әкім Тарази, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шамшадинова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессорлары мен оқытушылары, Қазақ технология және бизнес университетінің, Қазақстандағы елшіліктердің өкілдері, саясат және қоғамдық қайраткерлер қатысты.   

 

 

 "Автрия Республикасына көрсеткен құрметі үшін үлкен жұлдыз" Ордені Н.Назарбаевқа 2000 жылы тапсырылды. 

 

 

 

 

  Көрменің мақсаты – мұрағаттық құжаттар арқылы президенттік институттың қалыптасуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің нығаюның негізгі кезеңдерін көрсету. 

 

 

 

Көрме бірінші қабатта атриумдағы үлкен экранда көрсетіліеді. Көрме 2016 жылдың 15 қарашасына дейін жалғасады.   

Индира Кауметова

Суретке түсірген Азамат Әлиев




Яндекс.Метрика