Ұлт жоспары 100 нақты қадам

А.Башмаков: «Біртұтастық пен бірлік» Бес институционалдық реформаның негізгі бөлігі болып есептеледі

«Біртұтастық пен бірлік» Бес институционалдық реформаның негізгі бөлігі болып есептеледі, деді экономикалық ғылымдар докторы, Парламент Сенатының IV-V шақырылымның депутаты, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі Анатолий Башмаков Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында.
Нұр-Сұлтан27 Қараша , 09:13

-Ең бірінші «Нұрлы жол» бағдарламасы туралы сұраған жөн болар. Аталмыш құжатты әлемдік экономикалық жағдай өсімінде ірі өзгерістер болмай тұрғанға дейін бір жыл бұрын қабылдау қаншалықты дұрыс болды деп есептейсіз. Бүгінде еліміз Президенттік бағдарламадан қандай нәтиже алды?

- Меніңше, тек «Нұрлы жол» ғана емес, Ұлт жоспары  «100 нақты қадам» да біздің елмен қатар бүкіл өркениетке әсер етіп отырған қазіргі экономикалық жағдайға жауап болды. Бұл белгілі жағдай себебі, Қазақстан барлық әлемнен дербес өмір сүре алмайды.

Елбасы Н.Назарбаевта осы сынды оқиғаларды алдын ала сезіп, шара қолдануы дарыған қасиет. «Нұрлы жол» - сынақтарға жауап. Сондай-ақ, бұл Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың амалы. Аталмыш бағдарламаның  ұқсас құжаты жоқ, себебі ол кешенді болып отыр. Оның негізінде экономикалық қайта құрылу да тұр.  Олар руханилық пен мәдениет мәселелерімен органискалық байланыста болады. Бұл «Білікті мемлекеттік аппаратты қалыптастыру», «Біртұтастық пен бірлік» , «Есепті мемлекет құру». Бұл жерде ең маңыздысы қай бағыт десеңіздер, «Біртұтастық пен бірлік» деп айтар едім. Себебі бірліксіз қуатты экономика, гүлденген мемлекет құру мүмкін емес. Себебі, Нұрсұлтан Назарбаев барлық баяндамаларының басы мен соңында біз ең бастысы бірлікті нығайтып, қоғамның біріктіруі туралы айтады.

Елбасы  Тәуелсіздігіміздің басынан бастап, саяси ойындарға араласпауымызды айтқан болатын. Яғни, «алдымен – экономика, кейін-саясат». Бұл әлемнің бірқатар елдерінде мемлекеттік құрылым бойынша енген болатын. Метафизикалық түсінік бойынша біздің Президент үшін экономика – құрал, әдіс. Елбасы үшін ең басты құндылық ол – адам болып қалмақ. Сол үшін де есепті мемлекет қызмет етуі керек. Бұл жерде заң әділдігіне көңіл аударылады. Меніңше, «Нұрлы жол»  бағдарламасы мен Ұлт жоспары керек уақытта қабылданды. «Нұрлы жол» 2008 жылы болған дағдарыстың екінші  толқынында қабылданды.

Әлемде біздің ел бұл жағдайға дайындалып келгенін біледі. Оны әлемнің көптеген елдері жүзеге асыра алмады. Еуропадағы жағдайға назар аударыңыздар, Греция, Португалия, Ирландия өзге елдер. Олар үнемдемей өмір сүрген елдер болғандықтан, Елбасы қазір қатаң үнемдеу керектігін айтуда. Бұл басқару аппаратына байланысты, өңірлерде әділ қызмет етуі керек. 1,5 трлн теңге үнемдедік. «Нұрлы жол» дер кезінде қабылданған құжат. Біз әрқашан кез келген жағдайға дайын болуымыз керек.

-Қазір Қазақстан  доллардың өз экономикасына әсер етпеуі үшін долларсыздандыруды жүзеге асыру керек деп жатыр. Бұл орайда сіздің пікіріңіз қандай?

- Егер 5-6 жыл бұрын артқа көз жүгіртсек. Долларсыздандыру туралы мәселені Елбасы көтерген болатын. Сол кезде оның бағдарлмалық, іргетас болып есептелетін «Дағдарыстан шығатын жол» мақаласы жарық көрді. Сол кезде ол әлемдегі ең резервтік валюта доллар екені және оған балама іздеу керектігін айтқан. Десек те, АҚШ доллары әлем  экономикасының  75 пайызын  қамтып отыр. Елбасы әлемде тек бір резервтік валютаның болуы ескірген ұстаным екенін айтуы өте орынды. Себебі, бюджеттік-банк жүйесінің механизмі де өзгерді. Оны ауыстыру қажет. Біз бүгін АҚШ долларына тәуелдіміз. Осы орайда мұнай мен өзге шикізаттың бағасы да тәуелді болып келеді.

Бүгінде біз ЕАЭО аясында әркім өз валютасында  сатылым жүргізсе, тіпті доллармен байланысты болсын. Біз өзге де елдермен сауданы кеңейтеміз, мәселен Қытай. Егер де екінші резервтік валюта юань болса да жетеді.  

- Парламенттегі ұзақ тәжірибелі адам сияқты көзқарасыңызды білдірсеңіз, депутаттардың біздің экономиканы жақсарту тұрғысында   реформаларды заңнамалық түрде қамту қызметіне қалай қарайсыз?

- Шынымен де, мен жақында өзім осы ортадан шықтым. Екі палатаның дп депутаттары үнемі ізденісте жүретін, патриот азаматтар. Олар барлық салада жетік  - саясат, мәдениет, экономика. Ал экономика өте кең сала. Бұл салық саясаты, кедендік іс,  банк жүйесі. Меніңше, біздің Парламент әрқашан жақсы қызмет көрсетті. Біздің 80 пайыз құжаттарымыз ТМД елдерінде де үлгі болып жүр.

Мен Санкт-Петербордағы Парламенттік ассамблея достастығы шараларына қатысқан кезде өзге елден келген әріптестер біздің тәжірибемізді өз елінде қолданғандығына көзім жетті. Біздің  Парламент өте тиімді жұмыс істейді. Депутаттардың ең басты мақсаты біздің халыққа әлемдік экономикалық жағдайдың әсер етпеуі.

Елбасы атап өткендей, біз 24 млрд теңгені әлеуметтік салаларға нысан салуға бағыттадық. Бұл ауруханалар мен мектептер. Елбасы әлеуметтік саладағы бірде-бір шара қаржылық ауыртпашылық тартпайтынын айтты.

- Сұхбатыңызға рахмет.

Данияр Қасымов 

 




Яндекс.Метрика