Инвестициялар

Дойче Банк: Қазақстанда ЕАЭО елдері ішіндегі ең тартымды инвестициялық режим

Қазақстанда Еуразиялық экономикалық одақ елдері ішінде ең тартымды инвестициялық режим, деді Қазақстандағы «Дойче Банк АГ» өкілдігінің басшысы Ульф Вокурка журналистермен кездесу барысында.
Нұр-Сұлтан26 Қараша , 19:53

«Меніңше, соңғы 1,5-2  жылда Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсартатын өзгертулер енгізілді. Бұл тек салық жеңлдіктерін, инвестициялық шығындарды өтеу мен арнайы экономикалық аймақ құру саласында ғана емес, инвесторларға жаңа экономикалық жағдайда тиімді жолдармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.Бұл орайда Қазақстан барлық ортаазиялық елдерден ерекшеленеді. ЕАЭО аясында Қазақстан шетелдік инвесторларға тиімді ел болып отыр», - деді ол.

Оның айтуынша, соңғы 2-3 айда банк екі ірі компания «Қазақстан Темір жолы» мен «ҚазМұнайГаз» компанияларына миллиондаған несие берді.

Жалпы, 22 жыл ішінде Қазақстандағы Дойче банктің» жұмыс істеуі 500 млрд долларға компания мен банктерді қаржыландыруға мүмкіндік берді.

Бұл ортаазиялық елдердегі барлық инвестицияның 50 пайызын құрайды.

«Қазақстанның шикізатты дайын тауарға айналдыру бойынша әртараптандыру саясаты өте қызықты. Біз ең алдымен Қазақстанға қондырғыларды импорттаймыз», - деді ол

Ульф Вокурка атап өткендей, әлемдік экономикалық дағдарыс нәтижесі мен оның салдарында банк әлемдік қаржы орталықтарына арқа сүйейді. Енді еншілес компаниялар мен банк филиалдарын ашуды тоқтатады.

«Қазақстандағы одан әрі шоғырлануға келсек, ол Астана халықаралық қаржы орталығының мәртебесіне байланысты болып қалмақ. Ұлттық банк қазіргі аңда Астана қаржы орталығы бойынша тұжырымдаманы аяқтауда. Бүгінгі таңда басқарушы активтерді басқару қызығушылық танытып отыр», - деді ол.




Яндекс.Метрика