Инвестициялар

Қазақстан Жапониямен тікелей әуе байланысын орнатуға мүдделі

Қазақстан Жапониямен тікелей әуе байланысын орнатуға мүдделі. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбек пен Жапонияның жер, инфрақұрылым, көлік және туризм вице-министрі Хидеки Мияути кездесуінде сөз болды, деп хабарлады ҚР ИДМ.
Нұр-Сұлтан27 Қараша , 08:37

Ж.Қасымбек әріптесіне министрліктің алдағы 5 жылда отандық жол саласын инвестициялау жоспары туралы және Қазақстанның технология саласында жапон тәжірибесіне қызығушылық білдіріп отырғанын айтып берді.

Сондай-ақ, тараптар көлік инфрақұрылымын дамыту саласындағы екіжақты ынтымақтастық жайын, оның ішінде Жапонияның алдыңғы қатарлы тәжірибесін Қазақстанға беру туралы мәселелерді талқылады.




Яндекс.Метрика