Адами капитал

Мәжіліс депутаттары «Қайырымдылық керуені» шарасына қатысты

Парламентте ҚР Тұңғыш Президентінің күніне орай «Қайырымдылық керуені» шарасына аймақтардан келген делегацияның Мәжіліс депутаттарымен кездесуі болды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан26 Қараша , 17:26

Басқосуға Мәжіліс Төрағасының орынбасары Абай Тасболатов пен ҚХА Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобының жетекшісі Жұматай Әлиев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Олар депутаттардың түрлі қайырымдылық шараларға белсене атсалысып, ірі шараларға демеушілік жасап отыратындықтарын баса айтты. Мәселен, он жылдан бері SOS балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ҚХА депутаттық тобының мүшесі Юрий Тимощенко қарасып келсе, оның әріптесі Егор Каппель Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің пәтерлерін жөндеуден өткізіп, депутат Глеб Щегельский бес қайырымдылық қорына қаржы аударған.

 Мәжіліс депутаты Николай Кузъмин Парламент бастамашылығымен қабылданған «Қайырымдылық туралы» заңына жақында Мемлекет Басшысының қол қойғанын мәлімдеді. Депутат Ольга Киколенко «Валонтерлік қызмет туралы» заң жобасының жұмысқа алынғанын жеткізді.

Пікір алмасудан кейін ҚХА сайланған депутат Зухра Саяпованың жетекшілігінде республикалық «Жаңа ойлар табысқа жетелейді» және «Армандаған мамандық» байқауының қатысушыларын марапаттау болды. Шараға Қазақстан халқы ассамблеясынан сайланған Мәжіліс депутаттары, АНК мүшелері, қайырымдылық қорларының жетекшілері, Кәсіпкерлердің Ұлттық Палатасының, ҚР Тұңғыш Президенті Қорының, бизнес-құрылымдардың, БАҚ өкілдері қатысты.

 




Яндекс.Метрика