Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазақстанның мұнай сервистік компаниялар одағы қазақстандық компаниялардың кеңейту жобаларына қатысу үшін жағдай жасауда

Қазақстанның мұнай сервистік компаниялар одағы қазақстандық компаниялардың кеңейту жобаларына қатысу үшін жағдай жасауда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Қазақстанның Мұнай сервистік компаниялар одағының төрағасы Алмас Құдайберген айтты.
Нұр-Сұлтан26 Қараша , 16:24

«Бүгінгі күні осы салада 200 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Әлемдегі мұнай бағасының төмендегенін ескерсек, мұнай компанияларының да кірісі 15-20 пайызға дейін түсті. Осыған байланысты мұнай-сервис саласындағы қызметкерлердің 15-20 пайызы жұмыссыз қалуы мүмкін. Алайда Теңіз кен орнын игеру жобасының кеңейтілуіне орай жаңа жұмыс орындары ашылатын болады», - деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі қолға алынған жобалар ойдағыдай жүзеге асырылса, 25 мың адамға жұмыс орны ашылады.

«Атап айтсақ, Маңғыстау облысында 5000, Атырау облысында 20 000-ға дейін жаңа жұмыс орындарын ашу көзделіп отыр», - деп толықтырды Алмас Құдайберген.

 

 

 




Яндекс.Метрика