Өңірлер

Т. Дуйсенова Ақтөбе қаласының тұрғындарына жаңа Еңбек кодексінің нормаларын түсіндірді

Ақтөбе қаласына екі күндік жұмыс сапары аясында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова қала тұрғындарымен кездесіп, жаңа Еңбек кодексінің нормаларын түсіндірді, деп хабарлады ДСӘДМ.
Ақтөбе26 Қараша , 17:09

Сонымен қатар, азаматтық қызметшілердің еңбекақы төлеу жүйесіндегі өзгерістер туралы, 2016-2019 жылдарға арналған ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» жаңа мемлекеттік бағдарламасы және әлеуметтік қамсыздандыру жайында айтып берді.

Бүгін қаланың еңбек ұжымдарымен кездесу барысында Тамара Дүйсенова ағымдағы жылдың 23 қарашасында Мемлекет басшысы қол қойған ҚР жаңа Еңбек кодексінің нормаларын түсіндірді. 

«Мемлекет жұмыскерлерге берілетін кепілдеме мен өтемақылардың ең төменгі деңгейдегі еңбек стандарттарын белгілеп, жұмыс беруші тараптарының бұл міндеттемелерді орындауын қатаң бақылауға алады. Жұмыс беруші мен қызметкердің еңбек қатынастары көп жағдайда жалдау, кадрлардың орнын ауыстыру, жұмысшыны жұмыстан босату, жұмыс уақыты, еңбек шарттары мен оның төлемақысы салаларындағы өзара келісім жасау және ұжымдық шарттардың әлеуетін күшейте отырып, көп жағдайда өзін-өзі реттеу қағидаларына сай жүзеге асырылатын болады», - деп хабарлады ол.

Министр жұмыс берушілер үшін жалдау, кадрлардың орнын ауыстыру, қызметкерді жұмыстан босату, еңбек шарттары мен оның төлемақысын анықтау шараларының жеңілдетілгенін атап айтты. Сондай-ақ, негізгі еңбек кепілдемелері мен қызметкерлердің құқықтары бекітіліп, оларды ұжымдық, жеке шарттар мен келісімдерді жасау және қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын құралдар арқылы ұлғайту мүмкіндігі қарастырылған. Қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында кәсіподақтардың рөлі кеңейтілді, оның ішінде жақында қабылданған «Кәсіподақтар туралы» Заңда қарастырылған мүмкіндіктер де есепке алынды.

Бюджеттік сала қызметкерлерімен кездесу барысында Тамара Дүйсенова Ақтөбе қаласының тұрғындарына 2016 жылдың 1 қаңтарынан енгізілетін азаматтық қызметшілердің еңбекақысын төлеу жүйесінің жаңа үлгісі туралы айтып берді. Аталған үлгіде азаматтық қызметшілерді біліміне, біліктілігіне, атқаратын қызметінің күрделілігі мен дәрежесіне қарай төрт санатқа бөлу көзделген: ұйымның даму стратегиясы үшін жауап беретін және басқару шешімдерін қабылдайтын басқарушы A блогы; ұйымның негізгі функцияларының іске асырылуын қамтамасыз ететін негізгі B блогы; әкімшілік-құқықтық және шаруашылық функцияларын орындайтын әкімшілік C блогы; қосалқы және техникалық функцияларды іске асыратын қосалқы D блогы.

Тамара Дүйсенова аталған бағдарламаны жүзеге асыру аясында Қазақстанда эпидемиологиялық қызмет пен тамақтануды оңтайландыру, салауатты өмір салтын қалыптастыруды біріктіру негізінде қоғамдық денсаулық сақтау жүйесі құрылатынын мәлімдеді.

 




Яндекс.Метрика