Адами капитал

З.Балиева: 10 жыл ішінде Қазақстандағы қайырымдылық көрсеткіші 60 пайызға көбейді

10 жыл ішінде Қазақстандағы қайырымдылық көрсеткіші 60 пайызға көбейді, деді «Қазақстандағы қайырымдылық шаралары: трендтер және жаңа мүмкiндiктер» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында ҚР Мәжiлiсiнiң депутаты Зағипа Балиева.
Нұр-Сұлтан26 Қараша , 16:03

«10 жыл ішінде Қазақстандағы қайырымдылық көрсеткіші 60 пайызға көбейді.Егер жебеушілер қатарында 50-ден асқан адамдар болса, қазір 30-ға дейінгі жастарды да кездестіруге болады. Аталған мәліметті ескере отырып, ҚХА жанынан меценаттар клубын құру жоспарланып отыр», - деді З.Балиева.

Депутат атап өткендей, клуб өзара және түрлi қорлар, қауымдастықтармен жұмысты үйлестiредi. Олардың қатарында құрылымдар, атап айтсақ үкiметтiк құрылымдар, депутаттық корпус бар. 

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика