Адами капитал

Қазақстанда 1 млрд теңгенің 33 әлеуметтік қайырымдылық жобасы таныстырылады

Қазақстанда 1 млрд теңгенің 33 әлеуметтік қайырымдылық жобасы таныстырылады, деді ҚР Президенті жанындағы «Коғамдык келiciм» республикалық мемлекеттік мекеменің директоры Наталья Калашникова.
Нұр-Сұлтан26 Қараша , 15:59

«6 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы басталған болатын. Соның аясында «ҚХА – 20 ізгі іс» эстафетасы өткізілді. Тайқазан ел тұтастығының символы. Барлық Қазақстанды шарлап шыққан Тайқазан, Ассамблея сессиясына табысталады. Еске сала кетейік, акция аясында еліміздің 35 мыңнан астам тұрғынына көмек көрсетілді. 2500 астам мәдени шара ұйымдастырылып, оған 620 мыңнан астам адам қатысты. Акция аясында әлеуметтік-мәдени нысандар салынып, пайдалануға берілді. Аталмыш акция жыл соңына дейін жалғасады. Қазақстанда 1 млрд теңгенің 33 әлеуметтік қайырымдылық жобасы таныстырылады», - деді Н.Калашникова.

Н.Калашникова айтып өткендей, Қазақстанның қайырымдылық бағдарламасындағы маңызды мәселелердің бірі барлық меценаттардың бірігуі болып табылады.

Айта кетейік, осы жылдың 27 қарашасында Елбасы қол қойған заңнама аясындағы тапсырмаларды жүзеге асыру барысында «Қайырымдылық керуені» акциясы өтеді.

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика