Экономика

Мұнай сервис саласындағы компаниялар одағы қазақстандық үлесті арттыруды жоспарлауда

Мұнай сервис саласындағы компаниялар одағы қазақстандық үлесті арттыруды жоспарлауда, деді ОКҚ брифингінде Қазақстанның мұнай сервис саласындағы компаниялар одағының директоры Дәуіржан Ауғамбай.
Нұр-Сұлтан26 Қараша , 15:54

«Қазақстандық үлесті арттыру, мұнай саласындағы өндірісті оқшаулау, «Ұлт Жоспарының» 56-қадамы, яғни негізгі инвесторлар жанынан Қазақстандық компанияларды құру тапсырмасының жүзеге асырылу барысы, отандық мұнай сервистік компаниялардың Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуға дайындығы, сонымен қатар, аталған компаниялардың дағдарысқа қарсы шаралары еліміздің мұнай сервис саласындағы баса назар аударатын мәселелерге айналды. Мәселен, Қазақстандық үлесті арттыру процесін қадағалайтын нақты бір органның жоқтығынан бұл бағытта әлі күнге дейін жүйелі жұмыс жүргізілмей келеді. Отандық үлес көлемін көбейту үшін бірінші кезекте, шетелдік кәсіпорындармен тиімді келіссөздер жүргізу қажет», - деді Д.Ауғамбай.

Мұнай сервистік компаниялар одағы Елбасының әлемдегі алдыңғы қатарлы компаниялармен бірлескен кәсіпорындар құру туралы тапсырмасын орындауда бірқатар маңызды қадамдар жасады. Бұл өз кезегінде отандық компанияларды Дүниежүзлік сауда ұйымы қатарында бәсекеге қабілетті болуға дайындайды.

«Қазақстанның Мұнай сервистік компаниялар одағы 2011 жылдың қазан айында құрылған. Одақ мақсаты Қазақстанның ірі мұнай газ жобаларында жергілікті үлесті арттыру, қазақстандық компаниялардың мұндай жобаларға көбірек қатысуын қамтамасыз ету», - деді ол.




Яндекс.Метрика