Халықаралық интеграция

Мәжіліс спикері Қ.Жақыпов ТМД ПАА және ҰҚШҰ ПА отырысына қатысады

26-27 қарашада Санкт-Петербор қаласында ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының сегізінші пленарлық отырысы және ТМД Парламентаралық Ассамблеясының қырық үшінші пленарлық отырысы өтеді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Әлемде 26 Қараша, 16:21

Оған Палата Төрағасы Қабиболла Жақыпов бастаған Мәжілістің делегация мүшелері қатысады. Мәжіліс депутаттары күн тәртібінде анықталған өзекті сұрақтар жайында, сондай-ақ, ҰҚШҰ форматында ұжымдық және халықаралық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі басым бағыттар сөз етілетін халықарылық ғылыми-тәжірибелік конференция төңірегінде пікір алмасады.

Іс-сапар барысында Мәжіліс Спикерінің ТМД ПАА құрамына кіретін ұлттық парламенттер төрағаларымен екіжақты кездесулері жоспарланған.

 





Яндекс.Метрика