Адами капитал

ҚР-дағы қайырымдылық бағдарлама есептілік пен ашықтықты қажет етеді – депутат

ҚР-дағы қайырымдылық бағдарлама есептілік пен ашықтықты қажет етеді .Бұл туралы «Қазақстандағы қайырымдылық шаралары: трендтер және жаңа мүмкiндiктер» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында ҚР Мәжiлiсiнiң депутаты Николай Кузьмин мәлiмдедi.
Нұр-Сұлтан26 Қараша , 15:12

«Қайырымдылық қаржысының қайда кеткенiн бiлмеймiз деп шағымданатындар көп. Осыған байланысты бiз жұмыстың бiр бөлiгiн бiтiрдiк. Бұл бағытта тағы еңбек ететін боламыз. Қайырымдылық бағдарламалар керек емес дегендер де болды, бiрақ бiз келіскен жоқпыз. Дегенмен бұл бағдарлама есеп беруі тиiс», - деп атап өтті Н.Кузьмин.

«Сондай- ақ, бiз бақылау кеңестерiн енгiздiк. Көбi бақылау кеңестерiн жолатқысы келмейдi. Дегенмен заңға бұны енгiздiк. Қайырымдылық саласы ашықтықты талап етедi. Сондықтан бiз бүгiн Ассамблея бастамасымен «Қайырымдылық апталығын» өткiзiп жатырмыз. Мен ҚХА төрағасының орынбасары Ералы Тоғжановқа барлық компания мен қорларға, 50 пайыз мемлекеттiк үлеспен ҚХА мүшелерiн қоғамдық бақылау ретiнде енгiзудi ұсындым. Ол қайырымдылыққа бөлiнген қаржыны қадағалайтын болады», - дедi Мәжiлiс депутаты.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика