Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

«Нұр Отан» партиясының Жедел желісі іске қосылады

Халықпен жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында 7 желтоқсаннан бастап «Нұр Отан» партиясы Жедел желіні іске қосады. Бірыңғай он бір сандық нөмір - 8 800 080 4441, деп хабарлады «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан26 Қараша , 19:38

Енді азаматтар Қазақстанның кез келген нүктесінен тегін қоңырау шалуға мүмкіндік алады (осы уақытқа дейін тегін қоңыраулар тек қана облыс орталықтарынан 59-78-50 нөміріне хабарласуына болатын еді. Бұл желі 7 желтоқсаннан бастап өшіріледі).

Жедел желінің жұмыс тәртібі сағат 8-ден 19-ға дейін дүйсенбіден жұмаға дейін. Жұмыс уақытынан тыс және демалыс күндері қоңыраулар жазылып отырады. Ешбір өтініш қараусыз қалмайды.

Сондай-ақ, азаматтар хабарламаларды және Whatsapp мессенджері арқылы сурет пен видеоны + 7 700 800 4441 нөміріне жібере алады.

Азаматтар жедел желімен:«Нұр Отан» партиясы мүшесінің Әдеп кодексін бұзғаны мен заңсыз әрекеттері, оның ішінде мемлекеттік органдағы лауазымды тұлғалардың жемқорлық заң бұзушылықтары, бюджеттік қаржылардың,  оның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасына, сондай-ақ  басқа да мемлекеттік және салалық, өңірлік бағдарламаларға байланысты тиімсіз пайдаланылған деректері бойынша хабарлай алады; азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдауына жазылып, өтініштердің қаралу барысын біліп, кеңес алып, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, заңнаманы жетілдіру т.б. бойынша ұсыныстар бере алады. 



 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика