Адами капитал

«Іле» полигонында әскери қызметшілердің оқу-жауынгерлік оқ атулары өрістетілді

ҚР Қарулы Күштері әскерлерінің қорытынды тексерісі шеңберінде 63991 әскери бөлімінің «Іле» полигонында оқу-жауынгерлік оқ атулар өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан 26 Қараша, 19:21

Бұл күні атыс даярлығы деңгейінің тексерісіне Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті жергілікті әскери басқару органдары жеке құрамының 100%-ы тартылды.  Сабақ барысында офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер оқу және бақылау атыстарының жаттығуларын орындап, Макаров тапаншасы мен  Калашников автоматынан оқ атуда өздерінің шеберліктерін паш етті.

Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде айтқандай, әскери қызметшілер өткен жылмен салыстырғанда шеберлік пен кәсіби дағдының ұлғайған деңгейін көрсетті, Бұл нәтижеге штаттық қарудан оқ ату бойынша сабақтардың жиі өткізілгендігінің арқасында қол жеткізілді. Оқу-жауынгерлік оқ атулар 2015 оқу жылы бойынша әскерлердің қорытынды тексерісінің бөлігі болып табылады. Бүгінгі күні ҚР ҚК-де қорытынды тексерістің екінші кезеңі өтіп жатқанын айта кетейік.

Қарашаның соңына дейін еліміздің солтүстігінде, батысында, шығысы мен оңтүстігінде орналасқан қазақстандық армияның барлық бөлімдері мен құрамаларының әскери қызметшілері жауынгерлік машиналарды жүргізу, дене, атыс, мемлекеттік-құқықтық және даярлықтың өзге де түрлерінен қорытынды сынақ тапсыруға тартылады.   Негізгі оқыту пәндері бойынша әскери қызметшілердің  жеке дара дайындығымен қатар қорытынды тексеру шеңберінде оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау барысында бүтін бөлімшелердің үйлесімділігі де бағаланады.  Дабыл бойынша кенеттен көтеру, белгіленген аудандарға шығу, практикалық оқ атуларды орындау, тактикалық оқу-жатығуларды өткізу, сондай-ақ жауынгерлік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету іс-шаралары.


 





Яндекс.Метрика