Ұлттың денсаулығы

Армиялық волейбол командалары армия генералы кубогына бақ сынасуда (ФОТО)

Астанада Халық қаһарманы, армия генералы Мұхтар Алтынбаевтың 70 жылдығын мерекелеуге арналған әскери қызметшілер арасындағы волейболдан турнир басталды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан 26 Қараша, 20:42

Қазақстан Қарулы Күштерінің 7 волейбол командасы, 70 әскери қызметшісі екі күн ішінде спорттың осы түрінен үздік деген атаққа сайысқа түседі.  Сайысқа қатысушылар қатарында волейболдан ҚР Қарулы Күштерінің чемпионы, Радиоэлектроника және байланыс Әскери институтының командасы. 

Олармен бірге ҚР ҚК әскер түрлері бас қолбасшылары басқармалары мен Қорғаныс министрлігі мен ҚР ҚК Бас штабы құрылымдық бөлімшелерінің армиялық спортшылары бақ сынасады. Бүгін турнирдің іріктеу кезеңі, ертең 27 қарашада сайыстың шешуші ойыны өтеді. ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубында айтқандай, жеңімпаздарға әрбір әскери қызметші үшін өте нышанды сыйлық, яғни, Қазақстанның Халық Батыры Мұхтар Алтынбаевтың кубогы табыс етіледі.

Спортшылардың айтуынша, Мұхтар Алтынбаев секілді қазақстандық армия үшін ерекше адамның құрметіне арналған турнирде жеңіске жету емес, жай қатысудың өзі мақтаныш пен құрмет болып табылады. Қазақстанның Қарулы Күштерінде спортты дамытуға, оның ішінде әскери қызметшілердің волейбол сияқты спорттың түрімен шұғылдануына ерекше көңіл бөлінетінін айта кеткен жөн.

 





Яндекс.Метрика